19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Бұл туралы министрдің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан өзінің Facebook парақшасында жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрі кеше Ұлытау облысына келіп, автокөлікпен жол учаскелерін тексеру үшін Жезқазғаннан Қызылордаға қарай шыққан.
«Министр аталған жұмыс сапары барысында көлік инфрақұрылымы нысандарын аралап, жолдардағы жөндеу жұмыстарының барысын бағамдау үшін 6 облыс пен 2 қаланы бірден аралап өтуді жоспарлап отыр. Олардың қатарында Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалалары бар. Кеше Ұлытау облысына келдік. Бүгін автокөлікпен жол учаскелерін тексеру үшін Жезқазғаннан Қызылордаға қарай шықтық», делінген жазбада.
Баспасөз хатшысының хабарлауынша, министр бұл жұмыс сапары барысында көлік инфрақұрылымы нысандары мен темір жол станцияларын аралап, жолдардағы жөндеу жұмыстарының барысын тексеріп, республикалық маңызы бар күре жолдардың қыс маусымына дайындығын қадағалайды. Сондай-ақ қала және облыс орталықтарында жергілікті тұрғындармен кездеседі, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.
«Егер аталған аймақ азаматтарының Марат Кәрімжанұлына тікелей сауалдары болса, менің жекеме жазуларыңызға болады», деп түйіндеді Ж.Омархан.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары