23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӘлеуметтік желіде белгісіз адамның Шымкент көшелерінің бірінде Opel Astra автокөлігіне байланған итті сүйреп бара жатқанының бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Болған оқиғаның анық-қанығын білуге полиция кірісіп, жүргізушінің жеке басы анықталды.
ҚПД Жедел басқару орталығының инспекторлары «Қорғау» қосымшасының көмегімен көліктің қозғалған орны мен жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Деректер Әл-Фараби аудандық ПБ-ға жолданды, – делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Ер адамның сөзінше, ол көшіп жатқан. Ал өзінің бұл әрекетін көлікте итке орын болмағандығымен түсіндіреді.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі. Ер адаммен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – делінген мәліметте.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады