Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін Парламент Мәжілісінде «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылығын арттыру туралы» тақырыбы талқыланды. Жиында Amanat партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев «Қарызсыз қоғам» бағдарламасы бойынша 52 мың адам оқытылғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осыған дейін 52 мың адамды оқыттық. Негізгі индекатив 60 мың адам болып тұр. Көпбалалы отбасылар негізінен несиені оқу жылы басталар алдында алады. Сол арқылы балаларын киіндіреді. Мешіт, партия, әкімдік көмектескенімен, жетпейтінін айтады. Қыс жақындағанда көмір алу үшін несие алады. Балалардың саны көбейген сайын, үйдің ауқымы да өседі. Үйдің жанына құрылыс қосамыз, тағысын тағы. Той-салтанат, тағы басқа шығындар бар. Тағы да қосымша айтатын нәрсе, азық-түлік мәселесі, күніне он дана нан басамыз, сөйтіп балаларымызды асырап отырмыз дейді, - деді Эльдар Жұмағазиев.
Ол үнемдеу мәдениетін қалыптастырып жатырмыз деп отыр. Өйткені адамдар ақшаны қажетсіз заттарға жұмсайды деп санайды.
Кола, шекілдеуік, чипсы алғанша, керексіз шығынды депозитке салыңыз деп айтып жатырмыз. Екі мыңнан көп адамға жеке кәсіпкерлік ашуға көмектестік. Нағыз сұранысқа ие болған – отбасының бюджетін қалыптастыру мәселесі. 15 908 тегін бизнес жоспар жасауға көмектестік. Мәселен, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйдібек ауылының тұрғыны, көпбалалы ана, жасы 37-де. Күйеуі жұмыс істейді, жалақысы – 128 мың теңге. Мойындарында жеті кредит бар. Оның төртеуін шамасы келіп төлеп отыр. Үшеуін төлеп отырған жоқ. Қазір біздің күшімізбен өзінің шарбағында шағын наубайхана ашып, табысын көбейтіп отыр. Ең ауыры зейнеткерге байланысты. Олардың мойнына балалары мен немерелері алған. Мұндай мысал көп, - дейді партия хатшысы.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?