Кеше, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?Алдағы уақытта Көкжайлау шатқалында салынуы жоспарланған Almaty Superski тау курортында Алматы мектептерінің оқушыларына арналған дене шынықтыру сабақтарын өткізуге мүмкіндік жасалуы мүмкін.
Бұл бастаманы туризм саласын дамыту мәселелері талқыланған жиында Kazakh Tourism Development Ltd компаниясының бас атқарушы директоры Ержан Еркінбаев айтты.
Оның сөзінше, жоба аясындағы басым бағыттардың бірі – балалар үшін қолайлы жағдай қалыптастыру. Қазір бұл мәселе Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп пысықталып жатыр.
Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, болашақ курорт аумағында дене шынықтыру сабақтарын өткізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Мұндай тәжірибе Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады, – деді Ержан Еркінбаев.
Ол Австрияда жыл сайын 80 мыңнан астам оқушы мектеп бағдарламасы аясында шаңғы спортымен айналысатынын атап өтті. Ал Швейцарияда мұндай балалардың саны 128 мыңнан асады. Франция мен Италияда оқушылардың тау шаңғысы курорттарына баруын қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істейді.
Қысқы инфрақұрылымнан бөлек, Көкжайлау аумағында жаяу серуендеуге және велосипед тебуге арналған бағыттар желісін құру жоспарланып отыр.
Алматы курорты – әлемдік деңгейдегі жыл бойы жұмыс істейтін туристік бағыт. Қазір Көкжайлау шатқалындағы жаяу және велосипед бағыттарының жоспары әзірленіп жатыр. Бұл туристердің қызығушылығын жылдың барлық 12 айында сақтауға мүмкіндік береді, – деді Еркінбаев.
Оның мәліметінше, жобаның құрылыс кезеңінде мыңдаған жұмыс орны ашылады. Ал құрылыс аяқталғаннан кейін шамамен бес мың адам тұрақты жұмыспен қамтылуы мүмкін.
Экология министрлігі не дейді?
Жоба талқыланғаннан кейін Экология және табиғи ресурстар министрлігі де өз ұстанымын білдірді.
Ведомствоның мәліметінше, жоба бойынша ғалымдар мен салалық мамандардың қатысуымен кешенді зерттеулер жүргізілген.
Министрлік ғалымдармен және жетекші эколог мамандармен бірлесіп жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жобаның қоршаған ортаға теріс әсер етпейтіні анықталды, – деді министрлік өкілдері.
Сонымен қатар ведомство жоба жүзеге асырылатын барлық кезеңде экологиялық сүйемелдеу жалғасатынын мәлімдеді.
Жоба бірнеше жылдан бері талқыланып келеді
Almaty Superski жобасы жаңартылған нұсқада 2025 жылдың күзінде бекітілген болатын.
Жобаның мастер-жоспары әлемнің әр түкпірінде 120-дан астам тау шаңғысы курортын жобалау тәжірибесі бар Pas Grau International халықаралық компаниясымен бірлесіп әзірленді.
2026 жылдың көктемінде жоба қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібіне шығарылды. Онда экология, археологиялық нысандарды сақтау, құрылыс қауіпсіздігі және болашақ курорттың Алматының туристік саласына ықпалы сияқты мәселелер талқыланған еді.
Авторы: Мақпал Орынбек
Кеше, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін