Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖетісу облысындағы «Көктал» полигонында «Бауырластық шыңы-2024» халықаралық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары барысында Қазақстан мен Беларусь десантшылары таулы-шөлді жерлерде тапсырмаларды орындауы тиіс.
Брест десанттық-шабуылдау бригадасының десантшылары екі жақты тактикалық және арнайы жаттығуларға қатысу үшін келіп отыр. Бұл екі ел әскери қызметшілерінің алғашқы кездесуі емес. Биылғы жылы ғана екіжақты әскери ынтымақтастық шеңберінде қазақстандық десантшылар Витебск маңындағы «Лосвидо» оқу полигонында парашют спортынан Беларусь Республикасы Қарулы күштерінің чемпионатында «Ерлік пен шеберлік» төсбелгісін тағу құқығы үшін кәсіби сынақтарға және Беларусьтің неміс-фашист басқыншыларынан азат етілгеніне 80 жыл толуына орай Минскіде өткен әскери шеруге қатысып қайтқан болатын.
"Бауырластық шыңы» оқу-жаттығуы қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып әзірленді. Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау барысында әскери қызметшілер бірлескен басқару жүйесіне және іс-қимылдарды тактикалық деңгейде өрістету тәжірибесіне ие болады. Бұл бөлімшелердің далалық дағдыларын арттыруға оң ықпал етеді, - деді оқу-жаттығудың жетекшісі Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев.
Ашылу салтанатынан кейін екі біріккен жасаққа бөлінген екі елдің десантшылары бірден жаттығу өткізілетін ауданға авткөлікпен 300 шақырымдық марш жасап, оқу-жауынгерлік міндеттерге жұмылды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?