19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Көкшетауда жүкті әйел қазасы жайлы тағы бір тың дерек пайда болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, марқұм әйел 23 желтоқсан күні таңғы сағат 04.16-да жедел жәрдем көлігімен клиникалық өлім жағдайында перзентханаға жеткізілген. Жедел жәрдем көлігінде реанимациялық шаралар жасалған, сонымен қатар, стационарға келгеннен кейін де бұл процесс жалғасқанымен нәтижесі оң болмады. Таңғы сағат 05.02-де биологиялық өлім тіркелген. Әйелге алдын ала ауыр деңгейдегі ЖРВИ және өкпе артериясы эмболиясы диагнозы қойылған.
Белгілі болғандай, жүкті әйел дене қызуы көтерілгеніне, катаральды белгілерге және бел ауруына шағымданып,жедел жәрдем көлігімен қаланың емдеу мекемелеріне жеткізілген. Онда жүкті әйелге медициналық көмек көрсетілген, бірақ ол Көкшетау көпбейінді қалалық ауруханада жатқызуға көнбеген.
Аталған факт тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары