Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыДенсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Көкшетаудағы сарбаздардың жаппай ауруханаға түсуіне байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда Ақмола облысының әскери бөлімшесінде 45 сарбаздың инфекциялық ауру жұқтырғаны анықталды. Олар инфекциялық стационарға орналастырылды. 41 науқас қазір ауруханада жатыр. Бір науқас жансақтау бөліміне түсті, бүгін оның жағдайы жақсарды. Олардан менингококк инфекциясы мен энтеровирус инфекциясы анықталды. Маусымдық инфекция жүріп жатыр, - деді министр Үкімет кулуарында.
Қазіргі таңда сарбаздармен байланыста болған азаматтар тексеріліп жатыр.
Симптомдары барлар оқшауланды. Жаңа тұлғалар оларға жіберілмейді. Барлығы бақылауда, - деді Ажар Ғиният.
Айта кетейік, кеше Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімшесінің сарбаздары жаппай ауруханаға түсіп, олардың қызуы көтеріліп, басы ауырған. Сондықтан жауынгерлер инфекциялық ауруханаға жатқызылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді