19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Көкшетауда ұры дүкеннің терезесін бұзған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түнгі уақытта белгісіз адам дүкеннің терезесін бұзып, үй-жайға кіріп, 53 дана көлемінде электрондық темекі мен ақша ұрлап кеткен.
ҚР ІІМ мәліметінше, шығын сомасы - 500 000 теңге.
ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді басталды.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары қолдың 26 ізін, аяқ киімнің бір ізін анықтады, сонымен қатар бейнебақылау камераларынан жазбалар қаралды. Дүкен арнайы бақылауда болуы керек болса да, ол дабылмен жабдықталмаған, - делінген мәліметте.
41 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Ер адамның айтуынша, ол мас болған және не істеп жатқанын түсінбеген. Тергеу жұмыстары жалғасуда.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары