30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыКөкшетау қаласының прокуратурасы облыс орталығының оқу орындарында тексеру жүргізу кезінде оны жүргізуге тиісті санаты (D) жоқ адамның мектеп автобусын басқару фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жол жүрісі ережелерінің талаптарына сәйкес, балаларды күнделікті тасымалдайтын аталған жүргізуші қажетті рұқсат құжаттары мен дағдылары болмағандықтан мектеп автобусын басқара алмайды.
Осыған қарамастан, мектеп директорының орынбасары жауапты шенеунік бола отырып, оны басқаруға рұқсат берді. Бұл факт оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Прокурорлық тексерулер барысында автомобиль көлігі және жол жүрісі туралы заңнаманың басқа да бұзушылықтары анықталды, - делінген ақпаратта.
Кінәлі адамдар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды, жүргізуші мектеп автобусын басқарудан шеттетілді.
Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыс жалғасатын болады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды