Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?"Ақмола – есірткісіз өңір" автошеруіне 30-дан астам автокөлік пен 20 мотоцикл қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қатысушылар Бұқпа шоқысының етегінен бастап, патрульдік полиция экипаждарының сүйемелдеуімен Көкшетаудың басты көшелерімен жүріп өтті.
Акцияның шарықтау шегі "Ақмола – есірткісіз өңір" логотипі бар жалауды шаңғы жарысы бойынша спорт шеберлеріне, Әлем кубогы кезеңдерінің қатысушылары Арлан Гимаев пен Аружан Сабироваға табыстау рәсімімен аяқталды. Содан кейін флешмобқа қатысушылар символдық әрекеттер жасады: психоактивті заттарды қолдануға және олардың қоғамға теріс әсеріне наразылық білдіру үшін, есірткі мен шприц бейнеленген плакаттарды жойды.
Облыстық ПД есірткіге қарсы челлендж облыстың барлық ауданында ұйымдастырылатынын атап өтті.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары