19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Көкшетауда 15 жастағы жасөспірімді көлік қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
27 қыркүйек күні сағат 08.50-де қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының қызметінен жергілікті облыстық балалар ауруханасына оң жақ жамбастың жабық сынуы диагнозымен жасөспірімнің жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жеткен полицейлер жергілікті колледждердің бірінде оқитын студенттің "Алатау" сауда үйіне қарама-қарсы жаяу жүргіншілер өткелінде жолға шығып кеткенін алдын ала анықтады. Салдарынан 31 жастағы "Volkswagen" көлігінің жүргізушісі тоқтауға үлгермей, жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Аталмыш бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары