30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыКамбоджаның Баттамбанг провинциясындағы пошта қызметкерлері Таиландқа тыңшылық жасады деп күдікке ілінген көгершінді қолға түсірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Провинциялық пошта басқармасының ресми парақшасында күдік тудырған көгершіннің суреті жарияланған. Құсқа тағылған сақиналардың бірінде «Таиланд» деген жазу болған. Осы мәліметке сүйенген әлеуметтік желі қолданушылары мен кейбір қызметкерлер құсты құпия әскери барлау операциясына қатысы бар тыңшы деп болжаған. Кей жазбаларда тіпті құсқа тай GPS құрылғысы орнатылғаны айтылған.
Алайда Таиланд тұрғындары мұндай тұжырымды күлкіге айналдырып, бұл технологияның ескірген әрі ақылға қонымсыз екенін алға тартты. Әскери тақырыпқа арналған парақшалардың бірінде былай деп жазылған:
Камбоджалықтар жарысқа арналған көгершінді пайдаланып, оны тай тыңшысы деп жариялап жатыр. Бұл — сауатсыздықтың шегі.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұған әзіл-сықақпен жауап қайырды. Біреулері енді Камбоджа Таиландты британдық барлау қызметі үйреткен үкілерді пайдаланып отыр деп айыптайды деп мысқылдады.
The Thaiger мәліметінше, көгершін — жарысқа немесе хат жеткізуге арналған үйретілген құс болуы мүмкін. Дегенмен, Камбоджа тарапынан бұл жайт Таиландпен арадағы шиеленістің аясында елеулі оқиға ретінде қабылданған.
Бұған дейін Таиланд пен Камбоджа арасындағы соғыстың өршігені туралы жазған едік.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды