10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЛәйлә Сұлтанқызы ұлының кішкентайында ойнап жүріп, тиын жұтып қойып, қатты қорқытқанын айтып берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ол өзінің Instagram парақшасына оқиғаның қалай өрбігенін жазды.
Сағадат кішкентай кезінде тынымсыз болды. Үйде кішігірім қорап тұратын. Ішіне тауып алған тиындарды жинаймыз. Балам күнде шашып, оны қайта жинап ойнайтын. Әдеттегідей бір күні үстелдің астына кіріп, сол тиындармен ойнап отырған. Бір кезде сап-сары балам қақалып, көгеріп кетті. 5 теңге тамағына тұрып қалған. Айнагүл тәте не істерін білмейді. Мен арғы бөлмеде жүргенмін. Естігенде аяғым жүрмей, екінші қабаттан түсе алмай қалдым. Гәккә (көмектесіп жүрген бөлем) қолын тамағына тығады, анау шықпайды. Айнагүл тәте ары-бері жүгіріп жүр. Әлгі тиын бір кезде ішіне түсті де, бала ойнап кете берді. Ал біз паникамен оны ауруханаға апарып, рентгенге түсірдік, содан горшокты аңдып жүрдік, - дейді.
Желі қолданушылары өздерінің тиынға қатысты оқиғаларын жарыса жазып жатыр.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді