Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы24 қазан – Кітапханашылар күні. ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораштың айтуынша, бүгінде елімізде 11 мыңға жуық кітапхана бар. Ондағы кітаптар мен құжаттардың жалпы қоры 328 миллионнан асады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оның ішінде жалпы қолжетімді кітапханалар саны 3891-ді құрайды. Олардың 79 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан. Жалпы қолжетімді кітапханалардың кітап қоры – 73 миллионнан асады, - деді Қуат Қаһарманұлы.
Оған қоса Қуат Бораш еліміздегі оқырмандар саны жыл өткен сайын өсіп келе жатқаны қуантады дейді.
Соңғы кезде кітапхана қызметін пайдаланушылар, яғни оқырмандар саны 9,5 миллионнан асып отыр. Республикалық «Оқитын ұлт» жобасы аясында пайдаланушылар саны жыл сайын 3-4 пайызға артып келеді. Ел кітапханаларының беделін арттырып, кәсіби аренада кітапханашы мамандығының имиджін қалыптастыру мақсатында мемлекет басшысының ұйғарымымен былтырдан бері 24 қазан кітапханашылар күні деп бекітілген болатын, - деп атап өтті спикер.
Биыл мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның тікелей бастамасымен аталмыш мереке «Руханият шамшырағы» салтанатты іс-шара ретінде кеңінен атап өтілді.
Іс-шараға республикамыздың облыс, аудан, ауылдарынан 200-ден астам кітапхана майталмандары, ардагер кітапханашылар, сонымен қатар мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Шара аясында өңірлік кітапханалар үздік заманауи кітапханалық жобалармен таныстырды, - деді Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді