Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАягөз қаласында қардың қарқынды еруіне және күннің күрт жылынуына байланысты Кіші Аягөз өзенінде су деңгейінің көтерілгені байқалған болатын. Соңғы келіп жеткен мәліметке сәйкес, су деңгейі 100 см-ге төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жергiлiктi атқарушы органдар Шәкенов және Желтоқсан атындағы екi көшедегі судың деңгейi одан әрi көтеріліп, арнасынан асуы жағдайына дайындық мақсатында бөгет салу бойынша алдын алу шараларын жүргізді. Жұмысқа 14 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылған.
Қазіргі уақытта үйлерді су басу қаупі жоқ. Судың елді мекендерге одан әрі жайылуына жол бермеу үшін қауіпті аймаққа 400 тонна инертті материал жеткізілді. Жағдай күрделенетін болса, Аягөз қаласы ТЖ бөлімінің күштері мен құралдары толық әзірлікте тұр, - делінген ТЖМ мәліметінде.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді