Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШымкенттің «Ордабасы» клубы Кирилл Кекерді бас бапкер ретінде ресми таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
45 жастағы маман клубпен келісімшартқа қол қойды және жақын арадағы жаттығуда командаға таныстырылады. Бұған дейін Кирилл Кекер «Қайрат» ФК-ның бас бапкері болып, 76 матч өткізген.
Кирилл Сергеевич, Шымкентке қош келдіңіз! – делінген клубтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Кекер бұл қызметте белорус Александр Седневтің орнын басады. Естеріңізде болса, Седнев «Ордабасының» еурокубоктардағы сәтсіз ойынынан соң қызметінен кететінін мәлімдеген.
Шымкент командасы дәл қазір 30 ұпаймен ҚПЛ турнирлік кестесінде «Қайраттан» кейінгі екінші орында тұр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді