10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСейфуллин Жолбарыстың бұрынғы әйелі Екатерина Вайт тележүргізуші Анна Данченкоға берген сұхбатында күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Вайттың сөзінше, екеуі осыдан екі жыл бұрын ресми түрде ажырасқан. Алайда олар бағдарламаларға ерлі-зайыпты ретінде келіп, сұхбат беріп жүрді.
Біз ажырасқаннан кейін мен бөлек кеттім. Қыздарыммен бөлек тұрдым. Ол қайта қосылуға талай тырысты. Қасыма келеді, мен кешіріп, қасыма кіргізіп алған кездер болды. Мен қайта қосылып кететін шығармыз деп ойладым. Бұлар сол аралықта түсірілген сұхбаттар. Ол ешкімге айтпай-ақ қояйық деді, - дейді Екатерина Вайт.
Ол бөлек кетуіне қыздары түркі болғанын жасырмады.
Бөлек шығуыма қыздарым түрткі болды. Олар менің қандай күйзелісте екенімді көрді. Көз жасымды, бүкіл ауыртпашылықты ең бірінші сол қыздарым көрді. Олар «анашым, кетейікші» деп айта бастағаннан кейін мен ойлана бастадым. Бұл қыздарыма да ауыр тиіп жатыр деген сөз. Қыздарым ондайды көрмеуі керек. Қыздарым әкесімен кездесіп тұрады, - деді ол.
Дегенмен Екатерина ажырасуына не түрткі болғанын жасырып қалды.
Ажырасуымыздың себебін айтпаймын. Сейфуллинге ешқандай ренішім жоқ және оған ешқандай кінә тақпаймын, - деді Екатерина.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді