7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Киіктерді атуға қатысты шешім бір айдың ішінде қабылданады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев айтты, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
«Соңғы уақытта бұл сұрақты тілшілер қауымы жиі қозғап жатыр. «Киіктерді ату, атпауды неге министрлік қана шешу керек?» деп жатқандар да бар. Меніңше, министрлік те, біз де жауапты болуымыз керек. 2023 жылға дейін елімізде киік атуға мораторий болғаны баршаңызға аян. Таяуда осы мәлесеге арналған жиын өтіп, онда мораторийдің өз мақсатына жеткені айтылды. Яғни киіктердің саны қауіпті көлемнен асты. Үкіметтің қаулысына сәйкес биыл 1 шілдеден бастап резерват ашылуы тиіс», - деді Ғали Есқалиев.
Облыс басшысының айтуынша, киіктерді атуға қатысты шешім бір айдың көлемінде қабылданады.
«Әрине, алдымен киіктердің популяциясын жоғалтпауымыз керек. Резерваттың мақсаты – киіктердің санын арттыру емес, популяциясын сақтап қалу. Сарапшылардың пікірінше шамамен 150-200 мың бас киікті сақтап қалу керек. Одан бөлек, киіктердің санын біз реттеуіміз қажет. Киіктердің көбеюі ауыл шаруашылығына да зардабын тигізіп жатыр. Сондықтан бұл мәселе шешілуі тиіс. Киіктерді атуға қатысты шешім 1 айдың ішінде қабылданады», - дейді ол.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?