20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚР Парламенті Мәжілісіндегі кеңейтілген отырыста аграрлар мен ғылым өкілдері киік популяциясының шамадан тыс көбеюіне байланысты өзекті пікірлерімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысы «Сепе-1» ЖШС басшысы Ғалымхан Сахановтың айтуынша, бүгінде Атбасар, Астрахан және Егіндікөл аудандарының аумағында киіктердің саны төлдерімен бірге миллионнан асып отыр. Бұл жағдай ауыл шаруашылығына елеулі зиян келтіріп отырғанын айтты.
Біз премьер-министрдің қаулысын қолдаймыз. Құжатта аңшылық және аумақтық инспекциялар ауыл шаруашылығы өндірушілерінің егістіктерін киіктерден қорғау бойынша бірлескен шаралар қабылдауы керектігі көрсетілген. Алайда қазіргі таңда бұл шаралар жеткіліксіз. 2020 жылдан бері аграрлар осы мәселені көтеріп келеді, бірақ шешімін таппай келеді. Киіктердің саны жыл сайын екі-үш есеге артып отыр. Қазір төлдеу мерзімі аяқталуға жақын, ал жас киіктер ширамағанша оларды басқа жаққа қуу мүмкін емес, – деді ол.
Отырыс барысында сөз алған биология ғылымдарының докторы, ғылым жөніндегі проректор Әлжан Шәмшідін мәселенің күрделілігін ғылыми тұрғыда нақтылай түсті.
Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан аумағында шамамен 4 миллион киік жүр. Қыста жағдай не болады? Егер солардың 20 пайызы өлсе, көктемде 800 мың өлексені қайда, қалай жинаймыз? Бұл түрлі індеттердің ошағына айналуы мүмкін. Сондықтан біз киік жануарларын тұрақты түрде пайдалану мәселесін Үкіметтің қарауына ұсынғымыз келеді. Қазірден бастап нақты шаралар қолданбасақ, ертең бұл жағдайды бақылаудан шығарып аламыз, – деді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?