29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыХалықаралық футбол федерациялары ассоциациясының (FIFA) жаңартылған рейтингісінде Қазақстан құрамасы 11 cатыға жоғарылады. Оған құраманың UEFA Ұлттар лигасындағы сәтті ойындары оң әсер етті, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Халықаралық футбол федерациялары ассоциациясының (FIFA) жаңартылған рейтингісі жарияланды. Онда Қазақстан құрамасы 114 орынға көтерілді. Осылайша құрама бұрынғы орнынан 11 сатыға жоғарылаған.
Еске салсақ, бас бапкер Магомед Адиевтің жетекшілігімен қазақстандық футболшылар UEFA Ұлттар лигасында Әзербайжан (2:0) және екі мәрте Словакияны (1:0, 2:1) тізе бүктірді. Ал Беларусьпен (1:1) тең ойнады.
Нәтижесінде ол құраманың FIFA рейгтингісіндегі орнының жоғарылауына оң әсер етті.
FIFA рейтингісіндегі 2022 жылдың 23 маусымындағы көрсеткіш төмендегіше:
1. Бразилия - 1838 ұпай
2. Бельгия - 1822
3. Аргентина - 1771
4. Франция - 1765
5. Англия - 1737
6. Испания - 1717
7. Италия -1714
8. Нидерланды -1680
9. Португалия - 1679
10. Дания - 1665
51. Словакия -1440
96. Беларусь - 1227
114. Қазақстан - 1166
128. Әзербайжан - 1127.
Қазақстандық футболшылар енді 22 қыркүйекте Беларусьті қабылдаса, 25 қыркүйекте сырт алаңда Әзербайжанмен шеберлік байқасады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек