20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек11 желтоқсанда сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласы Пекин Палас ғимаратында (Сығанақ, 27, Soluxe залы) Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты форумын өткізеді.
Форумға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мәдениет және өнер қайраткерлері, филология мен лингвистика саласының сарапшылары, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері мен ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымының өкілдері қатысады деп күтілуде.
Форум барысында мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері бірқатар сауалдарға жауап беріп, тәжірибесімен бөліседі.
Атап айтсақ, қазақ тілін білу арқылы қалай жетістікке жетуге болатынын егжей-тегжейлі баяндап, тіл меңгеруде қандай әдістерге сүйенгенін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту үшін не істеу керектігіне кеңінен тоқталады. Шараға қатысушылар ашық алаң форматында ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтады.
Форум аясында онымен қатар концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, мемлекеттік тілді жетік меңгерген этномәдени бірлестіктердің белсенділері ҚР Президентінің «Алғыс хатымен» марапатталады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?