20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБлогер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың отбасы тағы да әлеуметтік желінің талқысына түсті. Кеше кешке Эльмира күйеуімен жанжал кезінде гардеробқа қамалып, видео жариялады. Кейін полиция жағдайға қатысты түсініктеме беріп, Жанәбіловке әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады.
Ең қызығы, бұған дейін әлеуметтік желіде ерлі-зайыптылар бақытты сәттерін жиі көрсетіп жүрген еді. Эльмира Төлегенова әлеуметтік желіде гардеробта отырған видеосын жариялады.
Оның айтуынша, Ерболат Жанәбілов ағаларымен бірге өзі жасырынған бөлмеге кіруге тырысқан. Блогер күйеуінің жеке заттары мен телефондарын алып жатқанын айтты.
Ол менің жеке заттарым мен телефондарымды алып алды. Мен гардеробқа қамалып, осында отырмын, – деді Эльмира.
Ол басқа телефонын пайдаланып отырғанын, оның қуаты небәрі бес пайыз қалғанын да айтты.
Бір жазбасында Төлегенова «шыдаудан шаршағанын» айтып, күйеуі туралы көпшілік білмейтін ақпаратты ашатынын мәлімдеді. Алайда кейін бұл видео мен басқа да жарияланымдар оның парақшасынан өшірілді.
Ерболат Жанәбілов қамауға алынды
Блогер Ерболат Жанәбілов жұбайы Эльмира Төлегеновамен болған жанжалдан кейін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс материалдары сотқа жолданды.
Эльмира Төлегенова полицияға арыз жазудан бас тартқан. Алайда полиция оған қарамастан әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған.
Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, Жанәбілов отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған.
Бұдан бөлек, Ерболат Жанәбілов пробациялық бақылау талаптарын бұзған.
Полиция мәліметінше, 28 тамызда сағат 22:00-ден кейін ол көрсетілген мекенжайда болмаған. Осы факті бойынша материалдар да сотқа жолданды.
«Қол жұмсау болған жоқ»
Кейін Эльмира қосымша стористер жариялап, әлеуметтік желіде тараған физикалық күш қолдану туралы болжамдарды жоққа шығарды.
Кейбіреулер ойлағандай, қол жұмсау болған жоқ. Мен гардеробқа Ерболат екінші телефонымды алып қоюға тырысқандықтан бардым, – деп жазды ол.
Сондай-ақ ол 27 қыркүйекте әжесінің қайтыс болғанын және жақында ғана үйіне оралғанын айтты. Блогер болған жағдайды көпшіліктің назарын аудару үшін жасалған әрекет деп қабылдамауға шақырды. Блогер қазір балаларымен бірге үйде екенін, жанында жақын адамдары бар екенін айтты.
Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың қазіргі уақытта ажырасу процесінде жүргенін мәлімдеді. Эльмира жағдайды кейінірек толық түсіндіруге уәде беріп, блог жүргізуге ұзақ уақыт үзіліс жасауы мүмкін екенін айтты.
Бір ай бұрын олар бірге жүрген
Оқиғаға дейінгі әлеуметтік желідегі жазбаларына қарасақ, ерлі-зайыптылардың сырт көзге қарым-қатынасы қалыпты көрінген.
1 қыркүйекте Эльмира мен Ерболат ортаншы ұлын мектептегі алғашқы қоңырауға бірге апарған кадрларын жариялаған.
Ал 18 қыркүйекте Эльмира әлеуметтік желіде гүлмен түскен фотосын бөліскен. Яғни 30 қыркүйектегі жанжалға дейін бірнеше күн бұрын ғана блогердің парақшасында отбасы мен жеке өміріне қатысты жылы кадрлар болған.
Жанәбіловтар үшін әлеуметтік желідегі кезекті дау
Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова Қазақстандағы ең көп аудиториясы бар блогерлердің қатарында. 2026 жылғы сот процесі кезінде олардың Instagram желісіндегі жалпы аудиториясы 15 миллионнан асатыны айтылған. Жарияланымдары мен жүлде ұтыстары бұған дейін де қоғам назарын жиі аударған.
Сондықтан бұл жолғы отбасылық жанжал да бірден көпшіліктің талқысына түсті. Ерлі-зайыптылардың әлеуметтік желідегі өмірін үнемі ашық көрсетуі олардың жеке өміріндегі кез келген оқиғаның көпшілікке тез тарауына себеп болып отыр.
Бұған дейін де олардың айналасында түрлі даулар мен резонанс тудырған жағдайлар болған. Мысалы, 2025 жылы өткізген жүлде ұтыстары сотқа дейін жетіп, кейін іс қылмыстық іске ұласты.
2026 жылғы 27 сәуірде Астана соты Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты үкім шығарды. Жанәбіловқа екі жыл шартты жаза тағайындалса, Төлегеноваға екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, оны орындау екі жылға кейінге қалдырылды.
Осыдан кейін де ерлі-зайыптылар әлеуметтік желіге қайта оралып, отбасылық өмірін көрсетуді жалғастырған. Мамыр айында олар ұзақ үзілістен кейін алғаш рет бірге видео жариялаған еді.
Ал енді бірнеше айдан кейін олардың отбасы тағы да көпшіліктің назарында. Оқырмандар бұл оқиғаның шындық немесе хайп екенін нақты ажырата алмай түрлі пікір жазып жатыр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?