Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Наполи» клубының жартылай қорғаушысы Кевин Де Брёйне жамбас бұлшықетін жарақаттап алды. Бұл туралы италиялық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Сенбі күні өткен Серия А ойынында «Наполи» өз алаңында «Интерді» 3:1 есебімен жеңді. Де Брёйне пенальти орындау кезінде жарақат алып, бірінші таймда-ақ алаңнан кетуге мәжбүр болды.
Gazzetta dello Sport басылымының мәліметінше, бельгиялық футболшы 2025 жылдың соңына дейін алаңға шықпайды. Осылайша, ол 15 қарашада әлем чемпионатына іріктеу аясында Бельгияның Қазақстан құрамасымен өтетін ойынына қатыспайды.
Биылғы маусымда Де Брёйне «Наполи» сапында 11 матчқа қатысып, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары