Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды«Қазір айтайық» ток-шоуына берген сұхбатында эндокринолог Ақбаян Марқабаева спортпен айналысу үшін ең тиімді уақыт таңертең екенін айтты. Маманның сөзінше, әсіресе таңертең аш қарынға жаяу жүру денсаулыққа өте пайдалы, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кешке жақын спортқа барған дұрыс емес. Кешкі сағат бес, алтыдан кейін спорт сіздің ағзаңызға зиян. Көбінесе адамдар жұмыстарын бітірген соң, кешкі сағат 7-8-ден бастап жаттығу залдарына барады. Сол кезде кортизол гормоны көтеріледі, ол кешке жақын жаттығуларға кері әсерін тигізеді. Сондықтан кешке фитнес залдарда қарқынды жаттығу жасауға болмайды, – дейді Ақбаян Марқабаева.
Марқабаева тәжірибесінен мысал келтіріп, науқастары таңғы аш қарынға жаяу жүріп-ақ салмағын тұрақтандырғанын айтты.
Ұйқыдан кейін асқазандағы тамақ толық қорытылады, ал таңғы су ішіп, он мың қадам жүргенде, энергия ағзадағы жиналған майдан алынады. Осылайша салмақ түсіру процесі басталады, – дейді маман.
Сондай-ақ дәрігер кешкі уақытта жеңіл серуен жасауға рұқсат берілетінін, алайда ауыр жаттығулардан бас тартқан жөн екенін атап өтті.
Жай жүру кешкі уақытта да пайдалы, бірақ фитнес залындағы қарқынды жаттығуларды таңертеңгі уақытқа қалдырылғаны дұрыс, – деп түйіндеді Ақбаян Марқабаева.
Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады