Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің қызметінен кетуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мырзағалиевті керемет менеджер деп айта алмаймын. Негізі ол ескі Қазақстанмен байланысы бар, Тимур Құлыбаевтың ықпалындағы кадр болған. Сондықтан Мырзағалиевтің келген-кеткенінен «ҚазМұнайГаз» үшін де, Қазақстан қоғамы үшін де келіп-кетер ешқандай зиян не пайдасы жоқ, - деді депутат Мәжіліс отырысынан кейінгі кулуарда.
Айта кетейік, бүгін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев қызметінен кетті. Оның орнына Асхат Хасенов тағайындалды. Ол 2022 жылғы қаңтардан бері энергетика вице-министрі болған. Еске сала кетейік, Мағзұм Мырзағалиев 2022 жылдың 14 сәуірінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы қызметіне тағайындалған болатын.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары