13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызӘлеуметтік желіде әйгілі қазақстандық боксшы, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкиннің көшеде кетіп бара жатқан жасөспірімдермен кездескен сәтінен видео тарады.
Көліктен шыққан Геннадий Головкин
Кадрда Головкин көліктің ішінде отырып, қасынан өтіп бара жатқан бір топ балаға қарап, олардың бірінен «GGG» логотипі бар кепканы қайдан алғанын сұрайды. Жас жанкүйерлер боксшыны бірден танып, амандасып, суретке түсуге ұсыныс білдіреді. Геннадий көліктен түсіп, балалармен бірге естелік селфи жасайды.
Қуаныштан ұйықтай алмаған балалар
Бейне астындағы пікірлердің бірінде желі қолданушысы кепка киген өзінің ұлы екенін жазған.
Кепканы Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жектен естелік ретінде сыйлыққа алғанбыз. Онда Генаның қолтаңбасы да бар. Ұлым бұл бас киімді үнемі киіп жүреді, – деп жазды анасы.
Оның айтуынша, балалар Головкинді көшеде кездестіреміз деп күтпеген, ал оқиға олардың жадында ерекше әсер қалдырған.
Ұлым қуаныштан түнде ұйықтай алмай, таңғы бесте оянып кетті. Өзі де бокс үйірмесіне қатысады. Головкинді көргенде қатты толқып, не айтарын білмей абдырап қалыпты. Кейін өкініп қалды – “неге оны жаттығу залына шақырмадым екен?” деп қынжылды. GGG-ге үлкен рақмет! Мұндай сәттер балаларға шабыт беріп, жаттығуға деген құлшынысын арттырады. Алла чемпионды барлық жамандықтан сақтасын, – деді ол.
Бұған дейін Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing ұйымы Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Германияның Франкфурт қаласына барғанын жазған едік.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды