19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Кентауда фаст-фудтан уланғандар саны 100-ге жетті. Бұл туралы Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кентау қаласында орналасқан «Ризық-Рауаны» фаст-фуд орталығында тамақтан уланғандар саны 100-ге жетті. Олардың арасында14 жасқа толмаған 40 жасөспірім, 3 жүкті әйел бар. Қазіргі кезде аталған жағдай негізінде Кентау қалалық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Бүгінгі күні Кентау қалалық орталық ауруханасында стационарлық ем қабылдаған 67 науқас үйлеріне жіберілді. Дегенмен, баршасы учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады.
Ал астан уланған 25 науқас амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Сондай-ақ Түркістан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 8 тұрғын жатқызылған.
Айта кетейік, Кентау қаласында орналасқан «Ризық-Рауаны» фаст-фуд орталығында тамақтанған 92 адам уланып қалған еді. Олардың арасында 14 жасқа толмаған 40 жасөспірім, 3 жүкті әйел бар. Аталған жағдай бойынша Кентау қалалық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
1 шілде күні 17 тұрғын ауруханадан шықты.
Бүгін мәлім болғандай, дәмхананың қызметкерлерінен сальмонеллез бен стафилококк қоздырғыштары анықталды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары