29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары13 желтоқсанда, сағат 20:16-да Кентаудағы ЖЭО-да электр беру желілері ажыратылған кезде төрт қазандық та өшіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство қалыпты режимнің 20:34-те қалпына келтірілгенін және ЖЭО-да қазандықтарды жөндеу жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді. Алайда, қала тұрғындары үйлерінде радиаторлардағы судың қатып, тіпті, батареялардың жарылуы мүмкін екенін айтып жатыр.
Қатты дауылды желдің салдарынан Кентау қаласы Жылу орталығына келетін негізгі және резервті электр желілерінің өшуіне байланысты №5 Жылу орталығының жұмысы тоқтап, қысқа уақыт ішінде қайта электр энергиясы қосылды. Қазіргі таңда орталықтың 4 қазандықтары іске қосылып, штаттық режимде жұмыс атқаруда. Жылу орталығының жұмысы қала әкімдігінің жіті бақылауында, - делінген Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратында.
Әкімдік жылу орталығына қатысты жалған ақпараттар таралып жатқанын атап өтті.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек