20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекCыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевтың әйелі пара берді деген күдікке ілініп, тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Күштібаев қыз зорлағаны үшін бас бостандығынан айырылған болатын.
Жетісу облыстық прокуратурасының мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 422-бабының 1-бөлігімен (Жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу немесе оларға мәжбүрлеу) жәбірленушіге пара беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпараттар жария етілмейді, – делінген хабарламада.
Жетісу облысының Көксу аудандық соты бұған дейін Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев пен алаяқтық ісі бойынша тағы екі адамға үкім шығарған. Сот материалдарына сәйкес, Күштібаевтың әйелі жәбірленуші мен оның жігітіне хабарласып, белгілі бір соманы ұсынып, істегі бастапқы айғақтарды өзгертуін сұраған. Бұл "келісімге" қалалық соттың хатшысы делдалдық етіп, тартылған сома көлемі 40 миллион теңгені құраған.
Алайда ақшаны алған жәбірленуші өз айғақтарын өзгертуден бас тартқан. Бұған жауап ретінде Күштібаевтың әйелі оларды алаяқтық жасады деп айыптап, құқық қорғау органдарына арыз түсірген. Нәтижесінде, соттың шешімімен хатшы, жәбірленуші қыз және оның жігіті 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, Марат Күштібаев бұған дейін қызмет бабын пайдаланып зорлау қылмысын жасағаны үшін сотталған. Оның ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі ("Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған зорлау") бойынша қаралған. 29 ақпанда оның сот процесі басталғаны хабарланған болатын.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?