Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс клуарында журналистер Қорғаныс министрлігінің өкілінен әскердегі білім мен Кенесары хан туралы сұрап білді.
Қазақ әскерін қазақша оқыту әлдеқашан басталып кеткен. Бүгінгі таңда барлық оқу орындарында 70 пайыз білім қазақ тілінде беріледі, - дейді Қорғаныс министрінің орынбасары.
Жазықбаевтың айтуынша, министрлік Кенесары ханның соғыстағы стратегиясын зерделеуді қолға алған.
Кенесары ханның өмірімен таныспын. Сондай-ақ Кенесары ханның соғыс тәсілдерінің барлығын зерделеп жатырмыз. Дегенмен, әр сарапшының өз пікірі мен ойы бар. Кенесары хан қазақ әскерінің символы бола ма, болмай ма, оны уақыт көрсетеді. Оған қоса Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы секілді тұлғалардың өмірін, орта тарих пен кейінгі тарихтағы деректердің барлығын зерттейміз, - дейді ол.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер