Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті ғалымдары мен ERG сарапшылары тау-кен жұмыстарын қарқындатудың жаңа әдісін әзірлеу үшін бірікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоба Ғылым қорының технологияларын коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру шеңберінде іске асырылуда.
Қопсыған аршу жыныстарының қуаты үлкен кен орындарын ашық игеру кезінде экскаваторлық-автомобильдік кешендерді пайдалана отырып, тау-кен жұмыстарын интенсивтендірудің инновациялық әдісін енгізу оларды әр тік еңісті қабаттың шекарасында жоғары кемерлермен жоғарыдан төмен қарай көлденең панельдермен қауіпсіз өндіру есебінен жүргізіледі, бұл инвестициялардың өтелу мерзімін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.
Жаңа технология терең карьерлердің тар жағдайында ені әртүрлі автосамосвалдардың өтуін қамтамасыз етеді. Сатып алынған сынаманы дайындаудың арнайы жабдығы мен сервогидравликалық жүйе ISRM стандарты бойынша бір осьті қысу мен созылуға беріктік шегін анықтауға мүмкіндік береді.
Аударылмалы скиптің жобалық өнімділігін төмендетпей тау-кен массасын үлкен тереңдіктен көтерудің энергия үнемдейтін таза технологиясы бойынша халықаралық патенттер алуға екі өтінім берілді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?