29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы Андрей Лаврентьев өз жұмыстарына алдағы бір-екі күнде кіреседі. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде болған баспасөз брифингінде өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше, жаңа инвестор 1-2 күнде активті басқаруға алады.
Қазақстан үкіметі «АрселорМиттал Теміртауға» нақты талаптар қойды. Сонымен қатар мемлекет басшысы АМТ кәсіпорындарындағы апаттар жүйелі сипатқа ие болғанын ерекше атап өтті. Қарқынды жүргізілген келіссөз нәтижесінде 2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан үкіметі мен ArcelorMittal арасында «Standstill Agreement» келісіміне қол қойылды. Бұл қазақстандық тарапқа кәсіпорынды бағалау мен аудит жүргізуге мүмкіндік береді, – деді Қанат Шарлапаев.
Келісім аясында АМТ қызметін талдау және бағалау үшін халықаралық консультанттар тартылған. Келіссөздер процесі жалпы 11 раундқа созылып, оның жетеуі 2023 жылдың қыркүйегінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылғаннан кейін өткенін айтты.
Дәл осы кезеңде екі тарап та нақты ұстанымға қол жеткізді. Келіссөз барысында ArcelorMittal 3,5 миллиард доллар сұратты, бұл Әділет министрлігі тартқан халықаралық кеңесшілердің есептеулеріне сәйкес келмеді. Бұл келіссөздер процесінің ұзаққа созылуының негізгі себептерінің бірі болды. Сонымен бірге біздің мақсатымыз қыруар қаражат жұмсалатын және ұзаққа созылатын халықаралық сот процестеріне жол бермей, комбинатты әділ бағамен сатып алу болды, – деді өнеркәсіп және құрылыс министрі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек