Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Юрий Ханинга қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Юрий Иванович Бекназар-Ханинга 1949 жылы 11 ақпанда Өскеменде дүниеге келген. Кеңестік және қазақстандық театр актері, театр режиссері, ұстаз, профессор. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері.
1967 жылдан бастап Өскемен қаласында балалар спорт мектебінде жаттықтырушы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
1971 жылы Өскемен педагогикалық институтының филология факультетін "орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі" біліктілігімен бітірді.
1973 жылдан Қазақстан театрларында (А.П. Чехов атындағы Павлодар драма театры, Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан драма театры, Б. Римова атындағы Талдықорған драма театры, А.Н.Островский атындағы Орал орыс драма театры, М.Ю.Лермонтов атындағы орыс драма театры, М.О.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, М.Горький атындағы орыс драма театры) актері, режиссер, бас режиссер, көркемдік жетекші қызметтерін атқарды.
1982 жылы Б.В.Щукин атындағы театр училищесінің режиссура факультетін (халық әртісі профессор А.М. Поламишевтің курсы) бітірген.
2000 жылдан бастап Қазақ ұлттық өнер университетінде актерлік шеберлік, 2004 жылдан бастап драма театры режиссурасынан сабақ береді, профессор. Оның тікелей басшылығымен және қатысуымен актерлік өнер менен режиссура кафедрасы (кейіннен – кино, ТВ және театр кафедрасы) құрылды.
Айта кетейік, Юрий Ханинга "Келінжан" сериалында Күлімжан болып ойнаған актриса Лейло Бекназардың күйеуі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?