23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҮкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаудың қосымша тетіктерін енгізу шеңберінде арнаулы әлеуметтік төлемдер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, бұл төлемдерді кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған 55 жасқа толған жұмыскерлер ала алады.
Төлемді алудың негізгі шарты еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналыспау керек. Мұндай жағдайда жұмыскерлер үшін жұмысқа орналастыру шаралары ұсынылатын болады. Арнаулы әлеуметтік төлем төрт қаражат көзінен жүзеге асырылады. Атап айтсақ, республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы; зейнетақыға дейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде сақтандыру төлемі; жұмыс берушінің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде кәсіптік төлем; БЖЗҚ-дағы жинақтарды ескере отырып, зейнетақы төлемі. Жұмыскер зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады, – деді ол.
Светлана Жақыпова тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары үшін оң нәтиже күтілетінін атап өтті.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады