Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТүркістан облысы Келес ауданында суға батып кеткен 11 жастағы оқушы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ол Ошақты каналына құлап кетіп, содан қайта шыға алмаған. Оқиға Абай ауылында орын алған. Сол уақытта жасөспірімнің қасында болған құрбысы оның ойнап жүріп, абайсызда суға батып кеткенін айтқан. Қыз баланың мәйіті, құлаған жерінен төмен қарай 5 шақырым жерден табылып, судан шығарылды.
Келес аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Шыңғысхан Уатбаевтың айтуынша, 4 сынып оқушысын іздестіру мақсатында Төтенше жағдайлар басқармасынан екі қызметкер, өрт сөндіру бөлімінен төрт қызметкер, полиция бөлімінен сегіз қызметкер, жергілікті атқару органдардан төрт қызметкер және туыстардан 12 адам іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Іздестіру кезінде Ошақты каналының суы уақытша тоқтатылып, түсіп кеткен жерінен шамамен 5 шақырым жерден қыздың денесі төрт сағаттан кейін шығарылды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер