22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыКеген ауданы Ұзынбұлақ ауылындағы №573 сайлау учаскесіне бір әулеттің бес буынының өкілдері келіп дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
103 жастағы Шортанова Күлпара, оның 85 жастағы ұлы Марат, 50 жастағы немересі Олжас, 25 жастағы шөбересі Бейбіт және 18 жастағы шөбересі Марал өз таңдауларын жасады.
Бүгінгі күн отбасы мүшелері үшін үлкен мәнге ие. Себебі айтулы күн ұрпақтар сабақтастығы мен ажырамас байланысын, ел ертеңіне әрбір адамның үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетті. Айта кетерлігі, 18 жасар Марал бүгін алғаш рет дауыс берді.
Шортановтар отбасы ауылдың көркеюіне қосқан үлесімен танымал. Балалары мен немерелері түрлі салада – ұстаздықтан бастап, мемлекеттік қызметке дейін еңбек етеді. Ұлы Марат ауылдық округ әкімі, немересі Олжас та жергілікті мемлекеттік органдарда қызмет атқарса, шөбересі Бейбіт алғашқы әскери дайындықтан сабақ береді. Олардың дауыс беруге қатысуы ұрпақтар арасындағы байланыстың, елді көркейту жолындағы бірліктің символына айналды.
Дауыс беруден кейін отбасы осы маңызды күнді еске алу үшін бірге суретке түсті. Ел болашағы үлкеннен кішіге дейін барша азаматтың күшімен қалыптасатынын еске салды. Жақындары мен таныстары әсерлерімен бөлісіп, қоғамның игілігі үшін дауыс беру құқығын пайдаланудың қаншалықты маңызды екенін талқылады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев