29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТүскі асқа немесе кешкі асқа не пісіремін деп ойланып отырсыз ба? Олай болса сиыр етінен тартылған фарш пен картоп қосылған бәліштің (запеканка) рецептін ұсынамыз.
Керек ингредиенттер:
Фарш - 500 гр
Сәбіз - 2 орташа сәбіш
Пияз - 1 тал
Ірімшік (сыр) - 200-300 гр
Майонез - 2 ас қасық
Қаймақ - 2 ас қасық
Тұз бен бұрыш
Картоп пен сәбізді үккіштен үгіп, пиязды турап аламыз. Тағамыңызды пісіретін шыны ыдыстың астына май жағып, алдымен картопты бір қатар етіп, төсейміз.
Сәл тұз бен бұрыш сеуіп, бетіне жұқалап фаршты орналастырамыз. Осы ретпен сәбіз бен картопты төсеп, бетіне екі қасық майонез бен қаймақты үгілген сырмен араластырып жағамыз. Пешті 180 градусқа қыздырып, тамақ салынған ыдысымызды пешке қоямыз. 40 минутта тағам әзір.
Оңай әрі жылдам. Ең бастысы дәмі тіл үйіреді.
Ас дәмді болсын!
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек