Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКатарда футболдан әлем чемпионатына арналған жиналмалы стадион жүк контейнерлерінен жасалған, деп хабарлайды El.kz aljazeera арнасына сілтеме жасап.
Бұл футболдан әлем чемпионаты тарихында алғашқы жиналмалы стадион.
Стадион Катардың халықаралық телефон кодына сәйкес түрлі-түсті 974 жүк контейнерден салынған. Онда киім ауыстыратын бөлмелер, медициналық орталықтар, допинг-бақылау бөлмелері, трансляциялық студиялар, дәретханалар, тіпті VIP-алаңдар бар.
Сонымен қатар, қонақтар үшін "контейнерлік" стильдегі мейрамханалар мен кафелерде Парсы шығанағын тамашалап отырып кофе ішетін аймақтар салынған.
Чемпионат аяқталғаннан кейін стадион толығымен қайта жиналады. Стадион бұзылғаннан кейін нысанның бөлшектерін спорт инфрақұрылымы жоқ дамушы елдерде әр түрлі жобаларға пайдаланылады.
Мамандар стадионды бөлшектеу көп қаражат пен күш талап етпейтінін айтады. Бөлшектеу өте оңай, дизайны әйгілі лего конструкторының идеясына негізделген.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді