Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБір ай аралығында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы аумағынан 1155 итбалықтың өлексесін тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Инспекция өкілдер 18 қараша күні комиссияның қатысуымен Маңғыстау облысы жағалауы – Құлалы, Морской, Подгорный, Новый аралдары, сондай-ақ Қаражанбас пен Қаламқас аудандарына әуе бақылауы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде аталған аумақтан тағы 834 итбалықтың өлексесі табылғанын мәлімдеді.
Визуалды тексеру кезінде барлық өлекселердің қатты шірігені анықталды, сондықтан патологиялық материал алу мүмкін болмады. Осылайша, 2024 жылдың 24 қазаны мен 18 қарашасы аралығында барлығы 1989 итбалықтың өлексесі табылған, – дейді инспекция.
Балық шаруашылығы комитетінің өкілдері итбалықтардың қырылу себептері табиғи құбылыстар – су астындағы жер сілкіністерінен туындаған табиғи газдардың бөлінуі болуы мүмкін екенін айтты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?