Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКаспий теңізіне үрлемелі матраспен шығып, жоғалған үш қызды іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жоғалған қыздар 25 шілде күні таңертең табылған.
Оқи отырыңыз:
"Бүгін таңғы сағат 6 шамасында "Қазақтеңізкөлікфлоты" компаниясының "Сұңқар" кемесінің экипажы жағадан 22 шақырым қашықтықта болған үш қызды құтқарды. Қазіргі таңда олардың денсаулық жағдайы тұрақты. Бойжеткендерге медициналық көмек көрсетілді" - деді Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінен.
Осы орайда, Маңғыстау ТЖД қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Айта кетейік, осыдан бұрын үш қыздың Каспий теңізіне үрлемелі матраспен шығып, жоғалып кеткендігі туралы хабарлаған болатынбыз.
Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБүгiн, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?Кеше, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырдыКеше, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес