Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтауда Каспий теңізінде ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай кемелер шеруі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Аталған шара «Mangystau Project» ЖШС мен Parasailing Aktau клубының бастамасымен ұйымдастырылып отыр.
Шеру қалалық жағажай пирсінен басталып, Каспийдің көгілдір айдынында қатар тізілген 15 кеме жағалау бойымен жүзіп өтті. Жиналған жұрт кемелердің шеруін тамашалады. Іс-шараға ата-аналарымен бірге қатысқан балалар да мереке сезіне алды.
Катерлер «Астана» сауда орталығына дейін жетіп, одан кейін кері бағытта жүзді. Бұл көрініс Конституция күнінің мән-маңызын айшықтап, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлап отыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді