10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҮкімет резервінен Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұшыту зауытын кеңейту» жобасын аяқтауға 5,08 млрд теңге қаражат бөлінді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, «Каспий» су тұшыту зауытын кеңейту мәселесі – Мемлекет басшысының ерекше бақылауында.
Есепке сәйкес жобаны аяқтау зауытқа ауыз су өндіру көлемін тәулігіне 40 мың м3 дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның бұрынғы өнімділігі бұдан екі есе аз болған.
Осы жылдың 5 шілдесінде Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында премьер-министр Әлихан Смайылов жобаның іске асырылу барысымен танысты.
Үкімет басшысы Маңғыстау облысының Мұнайлы, Түпқараған және Қарақия аудандарының 180 мың тұрғыны үшін зауытты іске қосудың маңызы зор екенін атап өтті.
Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары 80%-ға орындалды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді