22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыСу ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Еуроодақтың Орталық Азиядағы арнайы өкілі Терхи Хакаламен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар су саласындағы екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Арнайы өкіл Еуроодақ елдері Қазақстанмен су ресурстарын сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауға ниетті екенін мәлімдеді. Атап айтқанда, министрлік әзірлеп жатқан Жаңа Су Кодексі және Орталық Азияда халықаралық су-энергетикалық консорциум құру жоспарлары туралы әңгіме болды.
Нұржан Нұржігітов ЕО елдері халықаралық Аралды құтқару қорына қолдау көрсетіп жатқанын атап өтіп, көлді қалпына келтіру жобасының екінші кезеңі туралы айтып берді. Оны іске асыру келесі жылы басталуы тиіс.
Сондай-ақ, министр елімізде жаңадан құрылып жатқан Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институтымен өзара іс-қимыл шеңберінде Каспийді сақтау жөніндегі бастамаға Еуропалық Одақтың қатысуына қызығушылық білдірді.
Қазақстан су ресурстарын сақтау бойынша көршілес мемлекеттермен ғана емес, Еуропа елдерімен де ынтымақтастық орнатуға ниетті. Сонымен қатар, қазіргі уақытта еліміз үшін ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру, гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және жерасты суларын барлау сияқты мәселелер өзекті болып отыр. Біз табысты ынтымақтастық орната алатын бағыттарды анықтай аламыз деп ойлаймын, - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев