Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтауда спорт маусымының сәтті аяқталуына орай «Каспий» футбол клубының ойыншыларын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
2025 жылғы маусымда ақтаулық клуб Қазақстанның Бірінші лигасында жеңіске жетіп, мерзімінен бұрын Премьер-лигаға жолдама алды. Шешуші сәт 25-турда өз алаңында қарағандылық «Шахтерге» қарсы өткен матчта тіркелді. Кездесу 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталып, «Каспий» 65 ұпаймен көш бастады. Екінші орында – «Ертіс» (58 ұпай), үшінші орында – «Шахтер» (50 ұпай).
Клуб өкілдерінің айтуынша, бұл жетістік – спорт инфрақұрылымын дамытуға, жас таланттарды қолдауға және өңірдегі футбол дәстүрін нығайтуға бағытталған көпжылдық жүйелі еңбектің нәтижесі.
Сонымен қатар клубтың 2009-2010 жылы туған жас спортшы қыздары ZHULDYZ LEAGUE B DIVISION чемпионатында үшінші орын иеленіп, жаңа буын футболшы қыздарға үлгі болды. Ал биыл құрылған «Каспий-Жастар» командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, Батыс конференциясының вице-чемпионы атанды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді