29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКәсіпқой бокстан әлемнің чемпионы болған Энтони Джошуа спорттағы жолын аяқтады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Бұл туралы оның нағашы ағасы Адедамола Джошуа мәлімдеді. Нигериялық Punch басылымының жазуынша, туыстары Джошуа үшін үнемі уайымдайтын болған.
«Бұл жерде Джошуа боксшы ретіндегі мансабын тәмамдады. Біз бұған қуаныштымыз . Өйткені ол әр жолы рингке шыққанда қатты уайымдайтынбыз. Оны нокдаунға жіберген сайын жанымыз кеудемізден шығып кетердей болатын. Оның жекпе-жектері біз үшін де үлкен эмоциялық соққы еді. Ал енді ол қошеметін ең жоғары деңгейде алып, мансабын аяқтағанын жариялаған соң, біз шын мәнінде бақыттымыз», - деді нағашысы Адедамола Джошуа.
Бұған дейін Энтони Джошуа Нигерияда жол-көлік апатына ұшырап, екі адам қайтыс болған еді. Боксшы апатқа тап болғанда оның достарымен бірге демалып жүргені мәлім болды. Спортшы Нигерияның Лагос-Ибадан тасжолында жол талғамайтын Lexus маркалы жол талғамайтын көлікпен жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылып, ауыр жарақат алған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек