7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Дубайда өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатында ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
1/8 финалда 63,5 келі салмақта күш сынасқан Зейнуллинов IBA-PRO лигасының өкілі Хосе Мануэль Агуйре Крузбен кездесіп, үш раундқа созылған айқаста төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетерлігі, 37 жастағы Агуйре – кәсіпқой рингте 21 жеңісі бар боксшы.
Бұған дейін 54 келі салмақта Сәкен Бибосынов та танзаниялық Факи Исса Факиді айқын басымдықпен жеңіп, ширек финалға өткен еді. Сонымен қатар 8 желтоқсанда Теміртас Жүсіпов (48 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (67 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг) және Нұрлан Сапарбай (92+ кг) да 1/8 финалдан сүрінбей өткен болатын. Ал Ерасыл Жақпеков (80 кг) пен Нурмагамед Юсупов (92 кг) өз жолын осы кезеңде аяқтады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?