1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіБұл туралы Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Алхайдар Асқаров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағандыда «Атамекен» ҰКП мен ҚР Бас прокуратурасы арасында бизнесті қорғау саласындағы мәселелер талқыланды. Солардың бірі кәсіпкерлікті қудалауды тоқтату жөніндегі мәселені қарастырып, келісімге қол қойды.
Бизнесті қорғау экожүйесін қалыптастыру аясында «Атамекен» ҰКП мен ҚР Бас прокуратурасы арасында бизнесті қорғау саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарға қол қойылды. Кешенді жоспардың тармақтарының бірі кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз тарту фактілерінің алдын алу бойынша бірлескен жұмысты күшейту болып табылады. Біздің бүгінгі кездесуіміз қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы бизнесті қорғау жөніндегі қадағалау қызметін талдауды тыңдау мақсатында ұйымдастырылып отыр, - деді Алхайдар Асқаров.
Сондай-ақ құқық қорғау органдары тарапынан шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды.
Шара барысында елімізде жүйелі негізде кәсіпкерлік қоғамдастықты қалыптастыру, еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру және салауатты бәсекелестікті дамыту үшін құқықтық негіз жетілдіріліп жатқанын атап өтті.
Палатаның құқықтық қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Азамат Даненбаев кәсіпкерді қылмыстық процеске немесе рейдке тарту орын алған кезде, заң консультациясы мен көмек қажет болған жағдайларда кәсіпкерлер палатасына уақыт жоғалтпай жүгінуге шақырды.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?