Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСолтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлерді бопсалап келген екі блогерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СҚО сотының мәліметінше, істі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилер алқасының қатысуымен қарады.
Сотталушылар С. және П. сауда орталықтарындағы заң бұзушылық фактілерін анықтау бойынша тексерулер жүргізуді және әлеуметтік желілерде жарияламау үшін "Т" ЖШС директорынан ай сайын 200 мың теңге төлеуді талап еткен.
ЖШС директоры И. іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін деп есептеп, сотталушылардың талаптарымен келісе отырып, бес ай ішінде оларға 1 млн теңге сомасында ақша төлеген.
Осыған ұқсас схема бойынша сотталушылар "M" ЖШС басқарушы директорынан 50 млн теңге сомасында ақша бопсалады. Ақшаның бір бөлігін қолма-қол беру кезінде айыпталушылардың бірі ұсталды.
Сот сотталғандардың жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде олардың бұрын сотталмағандығын, С.-ның асырауында жас баласының барлығын ескерді.
Сот алқабилер алқасының қатысуымен С. және П.-ның әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
"Т" ЖШС-нің азаматтық талабы қанағаттандырылды және сотталғандардан 1 млн теңге өндірілді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді