Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСот отырысында Қуандық Бишімбаев әйелін Салтанат Нүкенова мен танымал кәсіпкер Райымбек Баталовтың қарым-қатынасы жөнінде мәлімдеген еді. Сондай-ақ Қуандық Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған күні түсірген видеоларда Райымбек Баталовтың есімі анық аталған еді. Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді елдің сұрағына жауап беріп, бұл әңгіменің нүктесін қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін басты сот тергеуі аяқталды. Қазір тек бір мәселені талқылап, нүктесін қойғым келеді. Өйткені бұл тақырып өте маңызды. Мен қазір Линара және Райымбек Баталовтарға қолдау білдіргім келеді, – деді марқұмның ағасы.
Айтбек Амангелдінің айтуынша, Қуандық Бишімбаев бір сұрақты қайталап қойып, Салтанаттан өзіне ұнайтын жауапты естіп, видеоға түсіріп, кейіннен боп салағысы келген.
Кеше біз телефоннан бейнежазбаны қараған кезде судья соңғы түсірілген видеоларды қойды. Сондықтан көпшілік түсінбей қалды. Видеоның басында Салтанат ұзақ уақыт бойы өзіне қойылған сұрақтарға нақты жауап береді, ал айыпталушы сұрақтың жауабы өзіне ыңғайлы болмайынша қайталап қоя берді, – дейді Айтбек Амангелді.
Марқұмның ағасы тыңдатқан аудиожазбада Салтанат Нүкенова Райымбек Баталовпен ешқандай байланысы болмағанын айтады.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға бір сұрақты қойып, 12 рет видео түсірген. Кәсіпкер Райымбек Баталов та өзіне күйе жағылып жатқанын айтып, мәлімдеме жасаған еді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді