Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБелгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов футбол клубы «Қайратқа» екі жаңа автобус сыйға тартты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жарияланған бейнежазбада Тұрсынғали Алагөзов клуб ойыншыларымен кездесіп, командаға алғысын білдірді.
Сіздер жасаған іс – нағыз ерлік. Сондықтан баршаңызға рахмет айтқым келеді. Бұған дейін клуб иесі Қайрат Боранбаевпен сөйлесіп, командаға қандай көмек пайдалы болатынын талқыладық, — деді ол өз сөзінде.
Кәсіпкердің айтуынша, жанкүйерлер мен жазылушылары әлеуметтік желіде футболшыларға қолдау көрсетуді және ризашылық білдіруді жиі ұсынған.
Футбол — командалық ойын. Сіздердің табандылықтарыңыз, бірлігіңіз және намысты қорғаудағы еңбектеріңіз құрметке лайық, — деді Алагөзов.
«Қайрат» футбол клубының өкілдері кәсіпкерге шынайы алғысын білдіріп, оған клубтың фирмалық жейдесін сыйлады. Олар бұл жейде арқылы Тұрсынғали Алагөзовты енді команданың ресми жанкүйерлерінің бірі ретінде қабылдайтынын айтты.
Енді сізді әр матчта біздің қатарымыздан көргіміз келеді, — деді клуб өкілдері.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді